Жазғы маусымның ашылуына және ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өткізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 9 маусым күні "Red Bus" экскурсиялық автобустарымен сол жағалауға тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және "Астана-Бәйтерек" монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады. Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек.
Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99.