Сайлау күні тізімінен өзін таппаған дауыс берушілер мобильді ХҚКО-ға жүгінеді

1760

Елодада мұндай орталықтар 204 сайлау учаскесінде ашылады және 1 маусымда тестілеу тәртібінде іске қосылмақшы.

Сайлау күні тізімінен өзін таппаған дауыс берушілер мобильді ХҚКО-ға жүгінеді

Сайлау күні елордада мобильді Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның қызметіне дауыс берушілер тізімінен өзін таппаған азаматтар жүгіне алады. Мұндай орталықтар 204 сайлау учаскесінде ашылады және 1 маусымда тестілеу тәртібінде іске қосылмақшы.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимовтың айтуынша, әрбір ашық учаскеде дауыс беруге арналған 4 стандартты кабина орнатылса, жабық учаскеде олардың саны – ­екеу. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған кабиналармен де жабдықталады. Барлық учаскелерді толық материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру жұмыстары 20 мамырға дейін аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу