Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы бойынша отандық, шетелдік БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді.
"Маған дауыс берген барлық қазақстандықтарға ризашылығымды білдіргім келеді, бұл өте үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікті арқалау – мен үшін үлкен міндет. Бұл – халық сенімі. Сайлау өте жоғары деңгейде ашық әрі әділ өтті деп санаймын. 1 мыңнан астам халықаралық байқаушылар сайлау барысын бақылады, 350 шамасында журналис әлемге ақпарат таратты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сайлауға қатысты барлық үміткерге тең жағдай жасалғанын тілге тиек етті.
"Біздің азаматтар ел тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қазақстан халқы ел дамуы стратегиясының сабақтастығын қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қанат Махамбет