Сайлау өткізуге сүбелі үлес қосқандарға арнайы медаль беріледі

578

Мемлекеттік күзет қызметіне берілетін наградалардың атауы өзгермек. Одан "Елбасы" сөзін алып тастайды.

Сайлау өткізуге сүбелі үлес қосқандарға арнайы медаль беріледі Фото: zakon.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі осыған қатысты қаулы жобасын көптің талқысына шығарды. Құжатта бұдан басқа да өзгерістер бар. Салыстырмалы түрде айтқанда, елімізде наградалардың саны көбейеді.

Қаулы жобасы талқыға ұсынылғаны сол еді. Бірқатар жайт көптің назарын аудартты. Әуелгісі. Енді мемлекеттік күзет қызметіне берілетін екі медальда да "Елбасы" атауы болмайды. Төсбелгідегі сөздердің де мағынасы өзгереді.

Мәселен "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі "абыройлы қызметі үшін" болып өзгертіледі. "Елбасының қорғаны" төсбелгісі бұдан былай ешкімге берілмейді. Оның орнына "мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері" атағын ала алады.

"Елбасыға емес, елді қорғайтындарға береді. Оны ауыстырған дұрыс қой. Әйтпесе Елбасының атындағының бәрі өзгерді", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу