Оның сөзінше, сайлаудың өткізілуіне өз бағасын сайлаушылар береді. Себебі олар сайлау науқанының ең маңызды қатысушылары, дейді спикер.
"Бүгінгі өтіп жатқан сайлау Қазақстан үшін өте маңызды. Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайланады. Біз өз тарапымыздан барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының қызметінде сайлауға дайындықтың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткіміз келеді. Жергілікті жерлердің бақылаушылары және халықаралық бақылаушылар, БАҚ өкілдері, кандидаттардың сенімді өкілдері қатысуда. Сайлау процесі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Сайлау туралы заңнама шеңберінде ешқандай да бұзушылықтар көрген жоқпыз. Сайлаушылар сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауда", - деді спикер.