Сайлау заңнамасын бұзған 17 учаскелік комиссия мүшесі жауапқа тартылды

504

Бас прокуратураның ресми дерегінше, Мәжіліс сайлауында 34 адамның тарапынан құқықбұзушылық тіркелген.

Сайлау заңнамасын бұзған 17 учаскелік комиссия мүшесі жауапқа тартылды Фото: Halyq Uni

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша дауыс беру күні 34 адамның тарапынан құқықбұзушылық тіркелген. Олардың ішінде 17 учаскелік комиссия мүшесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша айыппұл салынды. Олардың барлығы жауапқа тартылды", - деді Нұрлан Әбдіров.

ОСК төрағасының айтуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ықтимал бұзушылықтар туралы ақпараттық материалдардың таралуына және сайлау комиссияарына азаматтардан, саяси партиялардың байқаушыларынан, кандидаттардан өтініштердің түсуіне байланысты ОСК Бас прокуратураға тексеру және құқықтық бағалау жүргізу туралы сұрау жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу