Сайлау заңнамасына қайшы әрекет болған жоқ – ШЫҰ бас хатшысы

765

Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы байқаушылары миссиясының басшысы Чжан Хайчжоу елімізде өткен мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауына қатысты пікір білдірді.

Сайлау заңнамасына қайшы әрекет болған жоқ – ШЫҰ бас хатшысы

"Миссия мүшелері сайлау күні дауыс беру сәті басталғаннан дауысты санауға дейінгі үдерісті қадағалады. Бұл іс Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа да өңірлерінде жүзеге асырылды. ШЫҰ миссия мүшелері Қытайдағы Қазақстанның елшілігінде сайлаудың өту барысына мониторинг жүргізді. Сайлау күні қарсаңында және сайлау күні біздің өкілдер барлығы 118 сайлау учаскесіне барды. Сайлау учаскелерінде жұмыс талапқа сай атқарылды", – деді ол.

Чжан Хайчжоудың сөзінше, сайлаушыларға, бақылаушыларға және БАҚ өкілдеріне тең жағдай жасалды.

Сайлау заңнамасына қайшы әрекет болған жоқ.

"Жалпы сайлау үдерісі және сайлау комиссиясының жұмысы ашық әрі әділетті өтті. Байқаушылардың сұрақтары мен өтініштеріне сайлау учаскелерінде дер кезінде жауап беріліп отырды. Сайлауалды насихат пен сайлаудың өту барысы БАҚ-та жан-жақты жазылды. Қазақстан демократиялық даму жолында тағы бір нық қадам жасады. ШЫҰ миссиясы атынан Қазақстанның мемлекеттік, экономикалық –әлеуметтік одан әрі дамуына сәттілік тілеймін", – деді Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары.

Қанат Махамбет

Фото: rus.sectsco.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу