Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер мен кибершабуылдар күшейді

700

Кейбір күштер ел ішіне іріткі салуды көздейді. 

Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер мен кибершабуылдар күшейді

– Қазір елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет. Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз, – деді Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу