Сайлау жарнасы кандидатқа 3 жағдайда қайтарылады - ОСК

536

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері брифингте кандидаттың сайлауда төлеген сайлау жарнасы қай жағдайда қайтарылатынын және оның қай жағдайда мемлекет кірісіне айналатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Сайлау жарнасы кандидатқа 3 жағдайда қайтарылады - ОСК Фото: zakon.kz

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, кандидатқа немесе партияға сайлау жарнасын қайтару жағдайлары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда жазылған.

"Сайлау жарналары үш жағдайда қайтарылады. Біріншісі – егер кандидат депутат болып сайланса. Екіншісі – кандидат немесе саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының кемінде 5 пайыз дауысын жинаса. Үшіншіден, өкінішке қарай, мұндай жағдайлар да кездеседі, сондықтан ол заңнамада белгіленген: кандидат немесе саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда, жарна қайтарылады" – деді ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина.

Ол қалған жағдайларда сайлау жарнасы республикалық бюджетке түсетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу