Сайлауда 30,65% қазақстандық өз дауысын берді - ОСК

574

Сайлаушылардың белсенділігі бойынша Түркістан облысы көш бастаса, алматылықтардың белсенділігі төмен болып тұр. 

Сайлауда 30,65% қазақстандық өз дауысын берді - ОСК Фото: inbusiness.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сағат 12:10-дағы жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65 % бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

  1.  Абай облысы бойынша – 33,58%
  2.  Ақмола облысы бойынша – 33,63%
  3.  Ақтөбе облысы бойынша – 33,18%
  4.  Алматы облысы бойынша –34,41%
  5.  Атырау облысы бойынша –30,66%
  6.  Батыс Қазақстан облысы бойынша –33,61%
  7.  Жамбыл облысы бойынша –35,82%
  8.  Жетісу облысы бойынша –33,15%
  9.  Қарағанды облысы бойынша –34,19%
  10.  Қостанай облысы бойынша –37,39%
  11.  Қызылорда облысы бойынша –32,78%
  12.  Маңғыстау облысы бойынша –32,43%
  13.  Павлодар облысы бойынша –34,26%
  14.  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –32,81%
  15.  Түркістан облысы бойынша –38,29%
  16.  Ұлытау облысы бойынша- 34,61 %
  17.   Шығыс Қазақстан облысы бойынша –34,16%
  18.  Астана қаласы бойынша –23,35%
  19.  Алматы қаласы бойынша – 11,25%
  20.  Шымкент қаласы бойынша –19,63%

Келесі жедел ақпарат сағат 14:10-да берілетін болады.

19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу