Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 20.00-дегі мәлімет бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 69,43%-ы, – деді ол.
Оның ішінде:
Абай облысы – 80,18%,
Ақмола облысы – 78,87%,
Ақтөбе облысы – 72,81%,
Алматы облысы – 72,10%,
Атырау облысы – 70,87%,
Батыс Қазақстан облысы – 68,67%,
Жамбыл облысы – 79,57%,
Жетісу облысы – 81,42%,
Қарағанды облысы – 78,39%,
Қостанай облысы – 79,28%,
Қызылорда облысы – 81,07%,
Маңғыстау облысы – 66,99%,
Павлодар облысы – 77,58%,
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,01%,
Түркістан облысы – 80,37%,
Ұлытау облысы – 75,48%,
Шығыс Қазақстан облысы – 79,49%,
Астана қаласы – 48,60%
Алматы қаласы – 28,72%
Шымкент қаласы – 59,79%.
Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 мыңнан аса сайлау учаскесі жұмыс істеді.
Шетелде 7,4 мың қазақстандық дауыс берді.