АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан кандидат Хиллари Клинтон Республикалық партия өкілі, АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампқа қарағанда 3 млн-ға жуық артық дауыс жинаған. Бұл туралы барлық штат бойынша ресми бекітілген қорытынды растап отыр, деп хабарлайды The Hill.
Хиллари Клинтон барлығы – 65,8 млн (48,2%), ал Дональд Трамп 62,9 млн (46,1%) дауыс жинаған. Дональд Трамп Американың халық тығыз орналасқан штаттарында айтарлықтай қолдауға ие болған. Соның арқасында ол АҚШ президенті кім болатынын айқындайтын таңдаушылардың басым дауысын иеленген. Нақты штат атынан таңдаушылардың барлық дауысы халықтық дауыс беру жеңімпазына тиесілі болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трампқа таңдаушылар алқасының 538 мүшесінің 304-і дауыс берген. Ал қажетті әрі жеткілікті дауыс саны 270 екенін ескерсек, Трамп президенттік таққа барар жолды еңсергенін аңғарамыз. Президентті ұлықтау 2017 жылдың 20 қаңтарында өтеді.