Сайлауда құқық бұзушылық жасаған 42 адам жауапқа тартылды. 7 адам әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 108-ші бабы, яғни бірнеше рет басқа адамның орнына бюллетень толтырғаны үшін айыппұл арқалады. Тағы 18 комиссия мүшесінің өзге азаматтардың біреудің орнына таңдау жасауына жол бергені мәлім болды.
Сайлау күні заң бұзғаны байқалған 19 адам дереу жұмыстан шеттетілген. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің сөзінше, сайлаушылар арасында отбасы мүшесі яки жақындары үшін дауыс беру, сондай-ақ кабинаға топтасып кіру – заңға қарсы әрекет екендігін ескермейтіндер көп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу