Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов 2021 жылдың 10 қаңтарына Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы кезінде саяси партиялар әйелдер мен жастарға берілетін 30%-дық квотаны сақтамаса қандай шара қолданылатынын түсіндірді.
"Биылғы жылы сайлау заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді партиялық тізімге кіргендердің қатарында әйелдер мен 29 жасқа толмаған жастардың үлесі 30%-дан кем болмауға тиіс. Бұл заң нормасы Мәжіліс және Мәслихат сайлауына да қатысты. Аталмыш талап саяси партиялардан ұсыну сатысында және тіркелу кезінде де сақталуы тиіс. Мәселен ұсынылған кандидаттар заңда көрсетілген әйелдер мен жастарға қатысты квотаның төмендеуіне әкелсе, онда ол ұсынылған партиялық тізім тіркеуге жіберілмейді", – деді Асылбек Смағұлов.
Нұржан Көшкін