Сайлаудағы қауіпсіздікті 40 мыңға жуық полиция қызметкері бақылап отыр

918

Еліміздегі Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау науқаны кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Сайлаудағы қауіпсіздікті 40 мыңға жуық полиция қызметкері бақылап отыр

"Бүгінде  елімізде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті 40 мыңға жуық ішкі істер органдарының қызметкері қамтамасыз етіп отыр. Оның ішінде дауыс беру учаскелерінде болуы мүмкін құқық бұзушылыққа жедел ден қою үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылғды. Олардың құрамына прокуратура қызметкерлері де бар", – дейді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ішкі істер министірінің орынбасары Арыстанғали Заппаров.

Оның сөзінше, бюллетеньдер апарылмай тұрып, барлық сайлау учаскесі қауіпсіздік тұрғысынан тексерілген. Полициялардың бақылауымен бюллетеньдердің бәрі учаскеклерге еш кедергісіз жеткізілген.

"Айта кету керек, "Сайлау туралы" заңның 39-бабына сәйкес, полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласуына және дауыс беруге арналған ғимараттардың ішінде болуына құқы жоқ. Олар тек комиссия төрағалары шақырған кезде  ғана тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін сайлау учаскесіне кіре алады. Әзірше сайлау учаскесі төрағаларынан мұндай өтініш түскен жоқ. Қазіргі уақытта еліміздегі сайлау учаскелерінің жағдайы тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелген жоқ", – дейді Арыстанғали Заппаров. 

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу