Сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы бейнежазба – фейк

1055

Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталуы мұң екен, әлеуметтік желілерде сайлау кезіндегі "заң бұзушылықтар" туралы бейнежазбалар тарала бастады.

Сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы бейнежазба – фейк

ҚР Прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбаларды тексеруден өткізгенін, олардың ешқайсысы шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

"WhatsApp месенджері арқылы сайлау учаскелерінің бірінде алдын ала қол қойылған бюллетеньдер табылғаны туралы бейнежазба таралды. Тексере келгенде, бұл бұған дейін өткізілген сайлау кезінде Нұр-Сұлтан қаласының сайлау учаскелерінің бірінде жүргізілген  ескі жазба екені анықталды. Сондай-ақ, facebook әлеуметтік желісінде Алмас Байқадамов деген азамат сайлау бақылау камерасымен түсірілген бейнежазба жариялады. Онда бюллетеньдердің дауыс беру жәшігіне салу барысы көрсетілген. Пост авторының айтуынша, бұл Қазақстанда болған жағдай. Алайда материалдарды зерделей келе, бұл бейнежазба Ресейдегі сайлау учаскелерінің бірінде түсірілгені анықталды. Сондықтан ақпарат таратуда абай болған жөн. Қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат үшін "Қылмыстық кодекстің" 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік барын еске салғым келеді", – дейді Азамат Сарғазин.

Қымбат Нұрғали
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу