Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, Ұлттық банк сайлау қарсаңында валюта бағамына ықпал етіп отыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Сонымен қатар ол тілшілердің "19 наурызда өтетін сайлаудан кейін девальвация бола ма?" деген сұраққа жауап берді.
"Біз валюта нарығындағы барлық іс-әрекеттеріміз туралы ашық айтамыз. Тек алтын-валюта резервтеріне интервенция жасау ғана емес, сонымен бірге Ұлттық қордан валюта сату, біз басқаратын басқа қорлардағы валюталық операциялар, бұл мәселен БЖЗҚ. Біз мұны жалғастыра береміз, сондықтан Ұлттық банк сайлау қарсаңында валюта бағамына қандай да бір әсер етеді деген бұл қауесеттердің бәрі шындыққа жанаспайды", – деді Пірматов Сенат кулуарларында.