Сайлаудан кейін теңге бағамының айтарлықтай ауытқуы мүмкін емес – ҚР Ұлттық банкі

1004

Олег Смоляков девальвация болады дегенге құр қауесеттен басқа ешқандай фактор жоқ екенін айтады.

Сайлаудан кейін теңге бағамының айтарлықтай ауытқуы мүмкін емес – ҚР Ұлттық банкі

Қазақстанда президент сайлауынан кейін девальвация болады деп алаңдауға негіз жоқ. ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков осылай деді, деп хабарлады Zakon.kz.

"Мұнай бағасына, рубль бағамына, депозиттердің долларсыздану деңгейіне қараңыз, девальвация болады дегенге құр қауесеттен басқа ешқандай фактор жоқ",– деді Смоляков.

Ол бұдан бұрын Ұлттық банктің сайтында алтын-валюта активтеріне байланысты өзгерістер туралы ақпарат жарияланғанын еске салды.

"Біздің интервенцияларымыздың статистикасын көре аласыз. Валюта бағамына қатысты түрлі тәуекелдер жайында жұрт айта береді, біз өткенде бірінші тоқсан қорытындысы бойынша төлем баласының статистикасын жарияладық. Бізде тауар мен қызмет көрсету бойынша операциялар сальдосы 800 млн доллар плюсте. Ал былтыр бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш бойынша 900 млн доллар минуста болған", – деп түсіндірді Смоляков.

Оның сөзінше, сайлаудан кейін теңге мен доллар бағамының айтарлықтай ауытқуы мүмкін емес.

"Ұсақ-түйек ауытқу күнде болады. Ал үлкен ауытқулар мүмкін емес. Бұрын ақша-кредиттік режим басқа болған, бұрын байланған курс режимінде өмір сүріп келдік. Қазір режим басқа", – деп түйіндеді Олег Смоляков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу