Сайлауды бақылауға 40-тан астам елдің БАҚ өкілдері тіркелді

863

Сонымен қатар, министрлік жанында тұрақты негізде шетелдік БАҚ-тың 121 шетелдік корреспонденті тіркелген.

Сайлауды бақылауға 40-тан астам елдің БАҚ өкілдері тіркелді

Президент сайлауына 3 күн қалды. ҚР СІМ мемлекеттегі ең басты саяси оқиғаны бақылап, ақпарат таратуға қызығушылық танытқан әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік корреспондентті тіркеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, министрлік жанында тұрақты негізде шетелдік БАҚ-тың 121 шетелдік корреспонденті тіркелген.

Шетелдік журналистер сыртқы саяси ведомство берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда сайлауды бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Сонымен қатар, "Сайлау туралы" Конституциялық заңда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредиттеу туралы куәлікті ұсынған жағдайда аудармашымен ілесіп жүруімен сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін норма бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу