Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бейнебайланыс арқылы ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен сөйлесті, деп жазады inbusiness.kz.
Комиссия Төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлауға дайындық барысы туралы аз-кем ақпарат берді. Сондай-ақ, халықаралық ұйым Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі Дмитрий Кобицкийге биылға сайлаудың ерекшелігін түсіндірді. Сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды.
Ұйым өкілдері кандидаттарды тіркеу, сайлау алдындағы үгіт, сайлау науқанын қаржыландыру, сондай-ақ халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелерін сұрады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        