Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу керек – Борис Джонсон

1095

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон тек осылайша Брекситтің кейінге шегерілуін тоқтатуға болатынын айтты.  

Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу керек – Борис Джонсон

Өйткені министрлер кабинетінің басшысы партияластарының кетуіне байланысты парламенттегі басымдығынан айырылып қалған еді. Джонсонның ойынша, енді оппозиция оның жоспарларын құртуы мүмкін. 

"Мен мерзімінен бұрын сайлау өткізгім келмейді,бірақ олай істемеске болмайды. Брекситті алға жалжыту үшін осындай шешім қабылдауымыз керек. Үкімет Брекситті 31 қазанда жүзеге асыруы керек. Олай болмаған жағдайда Джереми Корбин бастаған лейбористер 17 қазанда өтетін ЕО саммитінде еш нәтижеге қол жеткізбей, одақ Брекситті кейінге шегеріп тастайды", - дейді премьер-министр. 

Сәрсенбі күні Джонсон кабинеті үлкен жеңіліс тапқан болатын. Парламент үкіметті Брекситтің уақытын шегеруге міндеттеген болатын. Сондай-ақ депутаттар премьердің мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы идеясына үзілді-кесілді қарсылық білдірді. 
Айта кететін жайт, төменгі палатаның шешімін лордтар Палатасы мен Елизавета II патшайымы мақұлдауы тиіс. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу