Сайлаудың әділ өтуі үшін бақылаушылардың рөлі аса маңызды

818

Бұл туралы Алматы қаласы Заң кеңесшілері палатасының мүшесі, "Әділ сайлау үшін" қозғалысының өкілі Бауыржан Байтағұров айтты.  

Сайлаудың әділ өтуі үшін бақылаушылардың рөлі аса маңызды Фото: gov.kz

Ол "Заңгерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің негізінде "Әділ сайлау үшін" штабы жұмыс істейтінін еске салды. Штабтың міндеті – заңдарды түсіндіріп, сайлау кезеңінде мұқтаж жандарға тегін заңгерлік көмек немесе кеңес беру.

"Біз үгіт-насихатпен айналыспаймыз, біз бейтарап позиция ұстанамыз, бірақ соған қарамастан, біздің міндетіміз – ел халқын толыққанды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету", - деді Бауыржан Байтағұров. 

Спикер сайлау әділ өтуі үшін бақылаушылардың рөлі аса маңызды екенін атап өтті. 

"Бақылаушылар процесті объективті түрде қадағалайды. Бақылаушылардың басты міндеті сайлаудың әділ және шынайы өтуіне көмектесу болғандықтан, олар сайлау нәтижесіне мүдделі болмауы керек. Олар үшін басты қағида – сайлауға объективті баға беру", - деді Бауыржан Байтағұров.

Бақылаушы құқықтары мен міндеттері "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 20-1 бабымен реттеледі.

"Ол – белсенді азаматтық ұстанымы бар, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуді қалайтын және оған үлес қоса алатын адам", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу