Сайлаудың болатын не болмайтынын украин халқы ғана шешеді – Зеленский

Оның сөзінше, мемлекеттің құқығына сырттан ешкім ықпал ете алмайды. 

Сайлаудың болатын не болмайтынын украин халқы ғана шешеді – Зеленский Фото: AP Photo/Czarek Sokolowski

Ел президенті Владимир Зеленский Украинада сайлау қашан және қандай форматта өтетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Сайлау өткізу мәселесі Конституция мен ұлттық заңнамаға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне қарай қаралады. Бұл – демократиядан бас тарту емес, соғыс жағдайында қабылданған уақытша шешім, – деді ол. 

Сол секілді, Еуропалық одақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель де Украина билігінің ұстанымын қолдаған. Оның айтуынша, соғыс жағдайында сайлау өткізбеу – халықаралық тәжірибеде бар норма. 

– Қауіпсіздікке тікелей қатер төніп тұрған кезде сайлау ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл Украинадағы биліктің заңдылығына күмән келтіруге негіз бола алмайды, – деді Боррель.

Германия канцлері Олаф Шольц де Украинадағы саяси процестерге сыртқы күштердің араласуын айыптап отыр.

– Украина – тәуелсіз мемлекет. Оның ішкі саяси шешімдерін тек украин халқы қабылдайды, – деп нақтылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу