Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін – Президент

932

Мемлекет басшысы халықты алдағы сайлауға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін – Президент

"Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет. Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беретінін айтты.

"Бұл – менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін", – деді ол.

Мемлекет басшысы халықты алдағы сайлауға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды.

"Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты", – деді президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу