Сайлауға аз күн қалғанда бірнеше кандидат додаға түсуден бас тартты

Олардың есімдері бюллетеньдерге енгізілмейді. 

Сайлауға аз күн қалғанда бірнеше кандидат додаға түсуден бас тартты Фото: Есенжол Исабек

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына Павлодар облысынан бірмандаттық округ бойынша ұсынылған кандидаттардың бірі өтінішін кері қайтарып алды. Сөйтіп, бұл өңірден бірмандаттық округ аясында 11 үміткер бәсекеге түсетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облысындағы №23 бірмандаттық сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынған кандидат Саят Елгонденов тиісті комиссияға өз кандидатурасын қайтарып алу жөнінде өтініш берді.

"Комиссия өтінішті қарастыра отырып, 2023 жылғы 18 ақпандағы ҚР Парламенті Мәжілісіне 1986 жылы туған, "Павлодар облысы ауыл жастары" корпоративтік қоры төрағасының орынбасары Саят Елгонденовті кандидат ретінде тіркеу туралы шешімінің күшін жойды", - деп хабарлады сайлау комиссиясы.

Сонымен қатар, облыстық мәслихатқа бірмандаттық сайлау округі бойынша ұсынылған 53 кандидаттың екеуі көмбеге жақындаған түсті райынан қайтты. Сол сияқты қалалық мәслихаттардың депутаттағына кандидат боп тіркелген 177 үміткердің төртеуі, аудандық мәслихаттар депутаты атануды қалаған 353 азаматтың жетеуі өз кандидатураларын кері қайтарып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу