Сайлауға келгендер саны 54,09% болды

752

Сағат 20.10-дағы ақпарат. 

Сайлауға келгендер саны 54,09% болды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда жексенбі күні сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша) Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға сайлаушылардың қатысуы 54,09 пайызды құрады, деп хабарлады inbusiness.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссияларының 2023 жылғы 19 наурыздағы сағат 20.00-дегі жағдайына сәйкес, тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды", - делінген хабарламада.  

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман брифингте Қазақстанның сайлау құқығы бар 12 032 550 азаматының 6 509 695-і сайлау бюллетенін алғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу