Сайлауға шетелдік бақылаушылардың қатысуы ережесі таныстырылды

1352

Жобада үш қағида қарастырылған.  

Сайлауға шетелдік бақылаушылардың қатысуы ережесі таныстырылды

2021 жылдың 10 қаңтарына өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан келетін бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдері қызметінің кейбір мәселелеріне қатысты Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова шетелдік бақылаушылардың сайлауға қатысуы ережесінің жобасымен таныстырды. Бұл жобада үш қағидала қарастырылған.

"Халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің сайлауды бақылауы оның ашық және жария өтуіна әсер етіп, беделін арттырады. Шетелдік бақылаушылардың қатысуын ұйымдастыру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы қаулысының жобасы дайындалды. Біріншіден, халықаралық ұйымдардан келетін бақылаушылар Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойыша Орталық сайлау комиссиясында аккредиттеледі. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу куәлігі болса, сайлауда бақылаушы бола алады. Екіншіден, шетелдік бақылаушыларға аудармашының ілесіп жүру мүмкіндігі қарастырылған. Үшіншіден, осы қаулының жобасы аккредиттеу мерзімінің аяқталу күнін белгілейді. Атап айтқанда аккредиттеу дауыс беру күніне бес күн қалғанда, яғни 2021 жылдың 4 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады", – деп түсіндірді ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу