Сайлаушылар тілегін жеткізетінімізді түсінсе – Ерлан Қошанов үкіметті сынға алды

650

Депутаттық корпустың өздерінің сауалдарына берілетін жауаптардың сапасына да көңілі толмай жатады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Сайлаушылар тілегін жеткізетінімізді түсінсе – Ерлан Қошанов үкіметті сынға алды

"Сауалдарда біз, ең алдымен, сайлаушыларымыздың тілектері мен аманаттарын көтеретінімізді түсіну керек.  Оған Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардан стандартты, сырғытпа жауаптар келеді", – деді Қошанов Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында.

Оның айтуына қарағанда, жоғарыдағы себеп бойынша мемлекеттік органдардың депутаттық сауалдарға ауызша жауап беруі практикаға енгізілді.

"Алдағы уақытта депутаттар корпусы мен Үкімет мүшелері заң сапасын арттыруда жүйелі жұмысты жолға қоюға бірлесіп атсалысуы керек",  деді Мәжіліс төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу