Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының "2021 жылғы 10 қаңтардағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы брифингте Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.
"Сайлаушылар тізіміне қосылу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша 2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін өтініш беру керек. Егер сайлаушы 30 күнге дейін басқа аймаққа кететінін білсе, онда жергілікті атқарушы органға барған жерінде дауыс беру туралы өтініш жаза алады. Осылайша сайлаушылар тізіміне қосылуға болады. Жаңадан сайлаушылар қатарына қосылу туралы өтініш берген кезде жергілікті атқарушы орган ол азаматты бұрынғы тізімнен шығаруға міндетті", – деді Константин Петров.
Құралай Құдайберген