18.10-дағы жағдай бойынша Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтарының қатысуы 53,11 пайызды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметтер төмендегідей:
• Абай ауданында -56,14%
• Ақмола облысында -59,49%
• Ақтөбе облысында -56,88%
• Алматы облысында -59,74%
• Атырау облысында -49,19%
• Батыс Қазақстан облысында -58,81%
• Жамбыл облысында -65,00%
• Жетісу облысында -55,07%
• Қарағанды облысында -58,85%
• Қостанай облысында -65,00%
• Қызылорда облысында -65,70%
• Маңғыстау облысында -54,04%
• Павлодар облысында -58,61%
• Солтүстік Қазақстан облысында -64,46%
• Түркістан облысында -51,07%
• Ұлытау облысында -58,63%
• Шығыс Қазақстан облысында -63,63%
• Астанада -40,94%
• Алматыда -22,95%
• Шымкентте -43,89%
Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Осы уақытта сайлау комиссиялары дауыстарды санауға және дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасауға кіріседі. Сайлау қорытындысы 29 наурыздан кешіктірілмей шығарылуға тиіс.