Сайрам ауданы жылына 11 мың тонна ет шығарады

682

Сайрам ауданы жылына 11 мың тонна ет шығарады

200 мыңнан астам халқы бар Сайрам ауданы тұрғындарының басым бөлігі мал және көкөніс шаруашылығымен айналысады. Аудандағы 172 мал бордақылау алаңында бүгінде 28 мың бас ірі қара мал бордақыланады.

Осы алаңдарда жылына екі рет ірі мүйізді мал бордақыланады. Осылайша, аудандағы 16 мал сою бекетінде 65 мыңдай мал сойылып, 11 мың тоннадан астам ет Қазақстан нарығына шығарылып келеді.

Осындай ірі мал бордақылау алаңдарының бірі – Манкент ауылдық округіндегі "Курвантай Ата" ЖШС. 2014 жылы жұмысын бастаған шаруа қожалығы жылына 300 тоннадан астам ет өндіреді. 2015 жылы мал бордақылау кешенінің құрылысын толық аяқтап, 1 мезетте 700 мал басын бордақылауға қол жеткізді.

Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған серіктестік өндірілген мал етін Шымкент, Алматы, Байқоңыр, Қызылорда қалаларына саудаға шығарады.

Одан бөлек, ауданда 10-15 бастық 400-ге жуық шағын мал бордақылау алаңы жұмыс істесе, сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық 78 жанұялық сүт ауласы құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу