"22 маусым күні сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыдағы су түбінен тапқан", – деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Мүрдені жеткізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасау үшін полиция қызметкерлеріне беріледі.
Жалпы іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілген. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 25 мамыр күні сағат 18.30-да "112" пультіне жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен еді. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса, тағы үш туристің мәйіті табылған болатын.