Сайрам-Өгем ұлттық паркінің бас директоры жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінді

500

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды тұлғаларына жемқорлыққа жол берді деген күдік келтіріліп отыр.

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің бас директоры жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінді

Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Сыбайлас жемқорлыққар арсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу