Сайрамда "Жасыл экономика" аясында екі жоба жүзеге асқан

630

Сайрамда "Жасыл экономика" аясында екі жоба жүзеге асқан

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында "Жасыл экономика" бағдарламасы аясында өзен суы мен күн көзінен электр энергиясын өндіретін 2 жоба жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Баламалы энергия көзін жүзеге асырған "Ақсу Энерго" ЖШС-і өндірілген электр қуатын "Оңтүстік жарық" компаниясына жіберіп отырады.

Солардың бірі – Ақсу өзенінен электр энергиясын алатын гидроэлектр стансасы. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасымен іске асып отырған бұл станса 2,5 МВт электр қуатын өндіреді.

Серіктестіктің екінші жобасы – күн көзінен электр энергиясын алу. Бұл үшін ол 2,5 га аумаққа күннен қуат алатын 4 мыңнан астам батарея орнатқан. Орнатылған күн панельдері мен өндірілген электр қуатын бір жерге топтастырып, ортақ трансформаторға жіберетін құрылғы Қытай елінен әкелінген. Өткен жылы күн көзінен 987,166 МВт ток өндірілген. Жалпы электр стансасы сағатына 1 МВт электр қуатын өндіреді. Бұл шамамен 50 отбасыны жарықпен қамтуға жеткілікті.

Күн көзінен энергия алу ісі жаздыгүні жанданса, гидроэлектр стансасы бұл мезгілде егістікті суару кезі болғандықтан жұмысын уақытша тоқтатады.

Өздеріңізге мәлім, биыл Астана қаласында өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты ұстанымы – осы "Жасыл экономиканы" дамыту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу