Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты елді мекендерді интернет желісімен қамту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нақтырақ айтсақ, 4 базалық станцияны "Билайн" операторы қойса, 21 базалық құрылғы "Кселл" тарапынан орнатылды. Атап айтқанда, Ақбұлақ, Арыс, Жібек жолы, Қарасу, Қарабұлақ, Қарамұрт, Қайнарбұлақ, Құтарыс, Көлкент және Манкент ауылдық округтерінің елді мекендеріне 4G техналогиясы қамтылған базалық станциялар орнатылды.
Биыл Сайрам ауданындағы 8 елді мекенге жаңадан базалық станциялар орнату жоспарланған.
Бүгінде Көлкент ауылдық округіне қарасты М.Оразалиев және Шапырашты ауылдарында ұялы байланыс интернетінің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, аудан орталығы Ақсукент ауылдық округіне 5G желісі іске қосылды. Бұл желі аудан тұрғындарының сапалы интернетке қосылуына мүмкіндік береді.