Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жақын уақытта аяқталады

181

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жақын уақытта аяқталады Фото: Алматы ТЖД

2025 жылы Алматыда төрт жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"2025 жылдың маусым айында 4 қоғамдық кеңістікті көркейту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Атап айтар болсам, Ақсай-4 және №12- ші шағын аудандарындағы скверлер, Мамыр - 4 және Жетісу-3 шағын аудандарындағы жаяу жүргіншілер аймақтары. Бұл жобалар аясында жаңа балалар және спорт алаңдары, көше жиһаздары, демалысқа арналған күркелер орнатылып, жарықтандыру жаңартылады және жасыл желектер егіледі", – деді Алматы әкімі.

Негізгі жобаларының бірі – Сайран көлінің жағалауын жаңарту жұмыстары.

"2024 жылдың соңында негізгі құрылыс жұмыстары бітті, ал биыл мамыр айында жобаның соңғы кезеңі аяқталады. Сайран көлі қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды демалыс орындарының біріне айналады деп сенемін", – деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу