Сайттағы Катар басшысының сөзін белгісіз біреулер өзгерткен

817

Сайттағы Катар басшысының  сөзін белгісіз біреулер өзгерткен

Катар ақпарат агенттігінің сайты (QNA) кибер шабуылға ұшырап, оның бетінде орналасқан мемлекет басшысы шейх Тамим бин Хамад Әл-Танидің сөйлеген сөзінің мәтінін өзгертіп жіберген. Бұл туралы Al Watan порталына сілтеме жасай отырып abctv.kz хабарлайды.

"Агенттік сайтындағы Катар әмірінің сөзі шындыққа сәйкес келмейді. QNA сайтына біреулер бұзып кірген", - деп мәлімдеді агенттік өкілі. Катар үкіметі де сайттағы сөздердің түгелімен әмірге тиесілі еместігін мәлімдеді.

Агенттік сайтына бұзып кірушілер мемлекет басшысының сөздерін қалағандарынша өзгертіп, жалған мәліметтерді жазып тастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу