"Сақ болыңыздар": ҚазАвтоЖол көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

246

Қай өңірдің жүргізушілеріне ескерту жасалды? 

"Сақ болыңыздар": ҚазАвтоЖол көлік жүргізушілеріне үндеу жасады Фото: freepik

ҚазАвтоЖол бірнеше өңірдің жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауа райы болжамына сәйкес, 30 желтоқсанда Абай, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар жауады.

"Жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу