Сақ дәуіріндегі алтын жәдігерлер табылды

1122

Археологтар Семейдегі өлкетану музейіне 3 мыңға жуық алтыннан жасалған жәдігерді  табыстады. 

Сақ дәуіріндегі алтын жәдігерлер табылды Фото: inbusiness.kz

2022 жылы ғалымдар Абай облысы Аягөз ауданындағы Бозай қорғандарында қазба жүргізген. 

Нәтижесінде сақ қорымдарының бірінен алтын адам киімінің фрагменттері табылды. Алайда, қорым бұрын тоналған болып шыққан. Ондағы қымбат металдан жасалған ірі-ірі бұйымдар қолды болып кеткен. Ғалымдардың қолына содан қалған ұсақ алтын  моншақтар, аң бейнесіндегі және өзге де әшекейлер түскен. 

-Елең еткізетін жаңалық деп айтуға болады. Бұл қорғаннан сонау сақ дәуірінің ақсүйектерінің бірі жатқандығы анықталды. Алтын заттар көптеп ұшырасты. Өте ыждаһаттылықпен жасалынған. Зергерліктің бір керемет туындылары, дейді археолог-ғалым Ғани Омаров.

Одан бөлек археологтар бұған дейін белгісіз болып келген 100-ге тарта түркі, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштерді анықтаған.

Данияр Өміржан

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу