Енді сақал өсіргендерге айыппұл салынады

11885

Тиісті норма көршілес елде қабылданды.

Енді сақал өсіргендерге айыппұл салынады Фото: qamshy.kz

Өзбекстанда сақал өсірген бірнеше ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты podrobno.uz басылымына сілтеме жасап.

Осы бап бойынша бетін тұмшалаған киім киген әйелдер де жауапқа тартылады. Өзбекстан Жоғарғы Сотының сайтында жарияланған сот шешімдеріне сәйкес, елдің түрлі аймақтарында сақал өсірген адамдар жауапқа тартылған.

Өткен жылдың 31 қазанында елде медициналық көрсеткіштерге, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне, кәсіби қызметке, сондай-ақ спорттық немесе мәдени іс-шараларға қатысуға байланысты жағдайларды қоспағанда, жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін жағдайларда қоғамдық орындарда бетті жабуға тыйым салатын заң қабылданды. Заңды бұзғандарға 10-нан 15-ке дейінгі негізгі есептік шама (3,4 миллионнан 5,1 млн сомға дейін) мөлшерінде айыппұл салынады.

Сот шешімдерінің базасында бұл бап қолданылған 789 іс тіркелген. Мұндай жағдайлардың дені Джизак, Самарқанд, Андижан және Ферғана облыстарында кездескені жазылған.

Ұстаудан және қырынудан бас тартқан ер адамдар бұзақылық жасады деп айыпталуы мүмкін. Кейбір жағдайларда судьялар 184-4-бап бойынша айыптаудан бас тартып жатады. Қалған жағдайларда ер адамдар айыппұл арқалайды.

Сот шешімімен келіспегендер апелляциялық немесе кассациялық шағымдар берген жағдайлар да кездеседі. Құқық қорғау органдары ұсталған азаматтардың кейбіріне сақалын қыруға мәжбүрлеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу