Сақалды құрылысқа тағы 113 млн теңге бөлінеді

464

Атырау облысында құрылысы жарты жолда қалған аллеяға тағы 113 млн теңгеден астам ақша бөлінеді. 

Сақалды құрылысқа тағы 113 млн теңге бөлінеді Фото: google.com

Қазына қаржысына 3 мың шаршы метр жердің төсемтасы ауыстырылып, ойын мен спорт алаңдары салынбақ. Мердігерлер Мақат ауданындағы аллеяны халық игілігіне қыркүйекте тапсырамыз,- деп жоспарлап отыр. 

Тұрғындар тынығатын бұл орын құрылысы негізі 2017-ші жылы басталған еді. Оған бюджеттен 54 млн теңге жұмсалды. Тапсырыс беруші атқарылған жұмысқа көңілі толмай, Тараздық "Масштаб Строй Груп" компаниясын сотқа берді. Бірақ мердігер сүттен ақ, судан таза болып шықты. 

Былтыр қыруар қаржы қаралған аумақта еш жұмыс істелмегенін айтып, аудан тұрғындары да шу шығарған. Енді белгіленген ақша дер кезінде бөлінсе, жауаптылар 6 жылда бітпеген сақалды құрылысты алдағы 4 айда аяқтамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу