Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1951

Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды.

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

52 келіде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов қола медаль иегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Сәкен Бибосынов жартылай финалда үндістандық Амит Пангалмен кездескен болатын. Амит биылғы Азия чемпионы әрі 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.  Қазақстандық боксшы тәжірибелі қарсыласынан қаймыққан жоқ. Үш раунд бойы Амитке біраз соққы дарытқан Сәкенге сәл ғана тәжірибе жетпей қалды.  Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті үндістандық боксшыға берді. Ал Сәкен Бибосынов өзі алғаш рет қатысып отырған әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу