Бокстан Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогы" халықаралық турнирінде Сәкен Бибосынов келесі айналымға өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жекті сәтті өткізді. Ол өзбекстандық қарсыласын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.
Айта кетелік, "Елорда кубогы" турниріне 8 мемлекеттен келген спортшылар қатысып жатыр. Олардың қатарында Париж Олимпиадасына қатысатын боксшылар да бар.
Бүгінге дейін Қамшыбек Қоңқабаев, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергеновтер келесі кезеңге өтті.
Байрақты бәсекеде ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары.