Сәкен Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды

1046

Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сәкен Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды

"Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалсын",- деп жазылған құжат мәтінінде.

Ол Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

Сәкен Исабеков 1980 жылдың 10 ақпанында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында дүниеге келген. 2001 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Республикалық ұланының әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткерген. Д.А. Қонаев атындағы университеттің "юриспруденция" мамандығы бойынша түлегі. 

2003 жыл мен 2021 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет өткерген.

2021 жылғы шілдеде Президент Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" және І,  ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медальдарымен марапатталған.

Үйленген, үш баласын тәрбиелеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу