Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов жоғары марапатқа ие болды

223

Өнер иесі сүйінші хабар айтты.

Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов жоғары марапатқа ие болды Фото: Жеке парақшаларынан

"МузАРТ" тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев "Парасат" орденімен марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мейрамбек екеумізді "Парасат" орденімен, Кенжебекті "Құрмет" орденімен марапаттады. Ұсынылған марапат ел игілігіне баянды болғай! Күллі қазақ халқына мың алғыс!", – деп жазды Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда мәдениет қызметкерлеріне пәтер мен мемлекеттік награда берілгенін жазғанбыз. Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев "Парасат" орденімен марапатталған болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу