Сәкен Майғазиевтің жұбайы тұңғыштары туралы қауесетке нүкте қойды

2796

Ерлі-зайыптылардың отбасы құрғанына 30 жылға жуықтаған.

Сәкен Майғазиевтің жұбайы тұңғыштары туралы қауесетке нүкте қойды Фото: ВКонтакте

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиевтің жары Динара алғаш рет ел алдына шығып сұхбат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Жарқын жүздесу” бағдарламасына сілтеме жасап.

“Сәкен бір әулетті асырап отыр. Мені де алақанына салып, аялап, балаларын да қатардан кем қылмай, бағып-қағып отыр. Үйде “жұмысы жүре берсін”, “той көп болсын”, деп тілеуін тілеп отырмын. Бұл кісі үшін отбасы – үлкен құндылық. Алғаш отбасы құрған жылдарымыз “Музарттың” дүрілдеп тұрған шағымен тұспа-тұс келді. Үйге екі аптада бір келетін. Айлап ел аралап концерт беріп жүретін. Үйде Әділет екеуіміз жолын тосып отыратынбыз. Үш қыз дүниеге келгеннен кейін үйге асығатын болды. Мені сағынбаса да, қыздарына келеді”, – дейді жары Динара. 

Әншінің жұбайы жолдасымен бірге оқыған. Сәкен болашақ жарына берген уәдесін 20 жылдан кейін орындаған.

“Сәкенмен университет қабырғасында бірге оқыдық. Роза апайымыз дәріс берген. Нұрлан Өнербаевтан керемет құнды сабақ алып шықтық. Медеу ағаларға қызығып қарайтынбыз. Жанболат пен Жазира – біздің курстасымыз. 1998 жылы мейрамхананың алдынан өтіп бара жатсақ, ішінде теледидардан клип көрсетіліп жатыр екен. Сәкен маған қарап тұрып: “Ертең сені клипке түсіремін” деді. Мен клиптің не екенін білмеймін, нақтылап сұрауға да ұялдым. Сол уәдесін 20 жылдан кейін орындап, “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” әнінің клипіне түстім”, – дейді әншінің жұбайы. 

Сондай-ақ Сәкен Майғазиевтің жұбайы тұңғыштары туралы қауесетке нүкте қойды. Кейбіреулер "Әділетті әншінің бірінші әйелінен туған ұл" деп ойлайтынын айтады. 

"Біздің қыздардың педиатр дәрігері бар. Бір күні "ыңғайсыз болса да, бір сұрақ қояйыншы" дейді. "Иә, қойыңыз" десем, "Мына жердегі қыздардың бәріне қызық болып жүр. Осы Әділет Сәкеннің бірінші әйелінің баласы екен ғой. Инстаграмнан суреттерді қарасақ, үш қызбен түсесіздер, үш қызбен шетелге қыдырады екенсіздер, Әділетті қоспайсыздар" дейді. Барлығы да өз баламыз", – деп күлді өнер иесінің жұбайы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу