Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәкен Әділханұлы Жасұзақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Наурызбайұлы Рыспаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылып, орнына Сәкен Әділханұлы Жасұзақов тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу