ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қар көшкінінен зардап шеккен әскери қызметшілердің хал-жағдайын Тараздағы әскери госпитальге өзі барып білді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Әскери госпитальде сарбаздарға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілген, қазір олардың жағдайы тұрақты.
Сондай-ақ қаза болған әскерилердің отбасыларымен кездескен министр оларға көңіл айтып, марқұм болған әскерилер өз борышын абыроймен атқарып, әскери қызметтің хас шебері болғанын айтты.
Қазіргі кезде үкіметтік комиссия Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап, анық-қанығына жету үшін тергеу жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу