Астанада ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Өзбекстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиевпен кездесуі өтті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Өзбекстанның Қорғаныс министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барып, университеттің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысты.
Ұлттық қорғаныс университеті және Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің Академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын айта кеткен жөн.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында әскери ынтымақтастық туралы келісімге және екі елдің қорғаныс мекемелері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік.