Қаражаттарын қайтаруды талап еткен тұрғындар Жаңаөзен әкімдігі ғимараты алдына жиналды. Сақтандыру компаниялары мұнай саласында қызмет еткен адамдарды тауып, алдап-арбап иеленіп кетті деп ашынады.
Халық имандай сенген сақтандыру компаниялары мыналар: "Грандес лайф", "Евразия", "Номад лайф" "Фридом финанс", "Халық лайф" және "Стандарт лайф". 2015 жылдан бері оларға миллиондаған ақша аударылған. Бастапқыда компаниялар 2 жылдан соң қаражатқа үй немесе басқа да құнды зат алуға болады деп сендірген. Кейін сөзінен тайқыды. Қазір келісімшарт бойынша әр салымшы ай сайын 30 бен 50 мың теңге аралығында төлем алып отыр. Бірақ, толыө қаржыны қайтара алмай әлек. Бір қызығы төлемдер 96-дан 120 жасқа дейін деп есептелген.